Жұмбақтар: Азық-түлік және тамақ түрлері мен сусындар


Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.



Судан алады,
Суға салса өледі.



Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.



Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар.



Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ,
Қоз бен шоққа ораса,
Дәм пiседi тамаша.



Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды, Қайнатса оның суы мұз болады.



Әуеден айнала ұшқан бөдене екен, Бөденені біреу атып жеген екен, Еті арам, сорпасы адал немене екен?



Қаршығам өзі қансыз қолда қонар, Қиын жерден қуанып ауыз толар, Мен өзім қаршығамнан дән алыппын, Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?



Бір жерде бар дейікші сары бұлақ, Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ. Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң, Байлаған екі жақтан тесіп құлақ , Ойнақтар ор текесі ортасында, Денесі басқалардан ұзынырақ.



Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас.



Пәндер