Жұмбақтар: Азық-түлік және тамақ түрлері мен сусындар


Қызартып салдым,
Бозартып алдым.



Бір дария қайнайды екен көбік атып,
Ішінде жайын да жүр мехнат тартып.
Өткелі бар, дарияның аралы жоқ,
Келе ме білсе жайын оған қайтып.



Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді ,
Дәмі аузынан кетпейді .



Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.



Алтын алдым жапырақ ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.



Аппақ қардай,
Дәмі балдай .



Қол ауызға берді ,
Ауыз жауызға берді ,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.



Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
“Құраннан” бір жас үлкен немене екен?



Есікте жасауыл бар екі қатар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам жәбірленіп тұрғанында,
Біреу кеп ар жағынан әрі тартар,
Алып барып онан соң қинап жанын.
Кездіріп талай өзен сайдың бәрін,
Ләззатын сол сайлары алып қалып,
Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.



Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.



Пәндер