Жұмбақтар: Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар


Бір нәрсе ет жемейді, су ішпейді,
Үстінен оның, сірә, жан түспейді,
Шаршамас, белі талмас, сондай мықты,
Тұруға жалықпайды, беріспейді,
Міні жоқ, бойы сұлу болғанменен,
Таңырқап оны адам көріспейді.
Мінезі сол нәрсенің сондай жуас,
Бір-бірін бөтен малдай тебіспейді,
Жұмысын салтаң мініп бітірмесе,
Жегуге арба шана көніспейді,



Адам жоқ, салмақ салмаған,
Орны жоқ, кезіп бармаған.
Тізе бүкпей әлі тұр,
Сонда да таяғы талмаған.



Бар екен бір асыл зат белін буған,
Қаншама жиренбейді лас судан.
Жаны жоқ, кеудесінде болса-дағы,
Қалмайды көп жиылған ұлы дудан.



Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады.



Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады.



Бір нәрсе екі түрлі заттан болған,
Адамзат шығарады істеп қолдан.
Жұмсаймыз уақытымен тазалыққа
Өмірі ақырында бітер содан.



Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты
Дөңгелек екі басы ай сияқты.
Төрт есік,мәткесі бар,уығы жоқ,
Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,
Құс төсек мамық жастық, біреу жатыр,
Көңілі уайымсыз жай сияқты.



Бір жігіт үш белбеу байланады.



Төбемізде тұрағы,
Пайдасы мол ұққанға.
Түнде жанып тұрады,
Сөнеді Күн шыққанда



Ілулі тұрған кітап
Барады күнде жұтап.
Бір бетін жыртты мамам,
Бір бетін жыртты ағам.
Бір бетін жыртты інім...
Себебі неде мұның?
Барады неге жұтап
Ілулі тұрған кітап?



Пәндер