Жұмбақтар: Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар


Аязға толы жәшігім,
Ішінен тамақ тасыдым.



Басы жоқ, аяғы жоқ, иығы бар,
Киюге киімімді жиі құмар.



Әлсін-әлсін шыр-шыр еткен бөпесін
Бір қолымен көтереді көкешім.



Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.



Үй таза – ол қозғалса,
Белбеуін шешпес тозғанша.



Біреуі тіп-тік,
Біреуі тықтық.
Етіктің табанын
Бүтіндеп шықтық.



Адымдап бірге барамыз,
Шақырса туыс, дос, аға...
Төр – менің орным, қараңыз.
Ал оның орны босаға.



Қызып кетсе табаны,
Бар жалғыз-ақ алаңы,
Бар жалғыз-ақ шатағы:
Іздей бастар матаны.



Мен төбеге қарадым –
Ол төбеге қарады.
Мен еденге қарадым –
ОЛ еденге қарады.
Деймін де: «Бұл баланың
Қызық екен талабы», -
Айқайлаймын,
Ал оның
Даусы шықпай қалады.



Тәбетін ашсаң,
Тамағы лас, шаң.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz