Жұмбақтар: Қадыр Мырзалиев


Мұрнын басса, жабыла сап,
Ернін басса, ашылады.
Ол жоқ жерде, бақыласақ,
Жеті аспабың шашылады.



Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде,
Бірін-бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді ол намысын.



Қос аяқ жүрген қуып,
Жел мықтап үрген қуық.
Бірде жөн, бірде лағып,
Қашады зыр-зыр қағып.



Жазда жатса тыныстап,
Дейді қыста: «Жұмыс тап!»
Тауға шықсаң, жетектеп,
Қашады алып етекке.



Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін.
Астында төмпештің,
Атқарар міндетін.



Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп.
Жас та сыйған, кәрі сыйған,
Астына оның бәрі сыйған.



Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.



Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті.
Қатарларын тізіп алды,
Арттарынан ізі қалды.



Көл бетінде керуен жол.



Шешесі – су да,
Әкесі – суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып.



Пәндер