Жұмбақтар: Қадыр Мырзалиев


Тіріде, басы аманда
Асылып тұрар әманда,
Аяғы жерге тимейді,
Аязсыз күнді сүймейді.



Көк аспанды байытқан
Қара бұлтқа тәп-тәуір
Пайда болып ғайыптан,
Ғайып болды от-тамыр.



Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.



Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр.



Кіргенде ініне сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.



Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым.
Бордақылап байлап қойдым.



Аласа талда
Алуан алма,
Ал қызыл болмай,
Аузыңа салма.



Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланга, төрт баған.



Құрық та салдырмай бұлқынар
Матрос жейдем жылқылар.



Жел-боранда жел болып ескен,
Шекесіне сексеуіл өскен.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz