Жұмбақтар: Діни


Ұйықтап жатып түс көрсем,
Ойымда әрне бар екен?
Көкке шығып қарасам,
Дүние жүзі тар екен.
Сахыбат етіп байқасам,
Мінгенім сонда шар екен.
Кіріп жүрген жөнімде
Жалғыз қарбыз бар екен.
Төрт қабығы көгілдір,
Бес қабығы сары екен.
Ақылы жеткен пендеге
Іші бір толған дән екен.
Тоғызы үлкен бәрінен,
Біреуі шаққан ақ екен.


Құдай берген ақ атан,
Салсам - жүк көтерер,
Жүрсе - ізді,
Панасы - қызды.


Айнала ақ терек,
Бұтақсыз, жапырақсыз.


Біреу екеу болмайды,
Екеу үшеу болмайды,
Үшеу төртеу болмайды,
Төртеу бесеу болмайды,
Бесеу алтау болмайды.


Шығасың, шығасың - шыға алмайсың,
Қарайсың, қарайсың - көре алмайсың.
Не сұрасаң - баршаға береді.


Ақ арқанға байлаулы ақбоз ат,
Ат пысқырса - жоқ қылады,
Арқан үзілсе - шоқ қылады.


Бір жанды бұл уақытта неғылып жүр?
Боларын қияметтің сағынып тұр.
Құдайдың құдіретін дұрыс деме,
Үстіне он төрт көрпе жамылып тұр.


Басы жоқ, жаны жоқ,
От оттатып, су ішкен.


Жиылған туған айға бір топ жұлдыз,
Жиылар түнде тарқап, аман күндіз.
Қажеті ақыреттің табылады ол айға,
Қанша мақұлық келсе де жүз.


Біссімілдә да біссімілдә,
Біссімілдәсіз бастаған,
Ол біссімілдәні білмеген,
Дозақ отына тасталған.


Үсті - жарық,
Асты - жарық,
Ішіне кірсең адам қалмай,
Сонда да бұған барып болмай.


Қу ағаштың басында,
Құтырған адам айқайлайды.


Жүз он төрт балапан бар бір ұяда,
Сөздері балдан тәтті бек зияда.
Жүз он төрт балапанда бес мың тіл бар,
Білмейді қайбір надан қапияда.


Мекеде бір дария бар беті қатқан,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.


Диірмен-диірмен тасы бар,
Алтын күрек қасы бар.
Оны тапқан адамның
Бір жүз жиырма бес жасы бар.


Ала қарға алалайды бар адамдарды,
Жылында бір келеді, жаралайды.


Көрінеді ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан он бірі семіз, бірі арық,
Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.


Намазды бес уақытта бес оқиды,
Құтпанды бәрінен де кеш оқиды.
Мен сенен ақын болсаң сөз сұрайын,
Намазды жыл он екі ай неше оқиды?


Бадахшанда бір ай бар,
Жер жүзінде бір ай бар.
Ол жүз айдың ішінде,
Масқара болған бір ай бар.
Масқара демей не дейін,
Құранға түскен шырай бар.


Отыз дуадақ,
Бес безгелдек,
Бір әдемі атты кісі,
Бір аққу.


Отыз ор дуадақ,
Қырық қыр дуадақ,
Екі қоңыр үйрек.


Отыз ор дуадақ,
Қырық сегіз қысыр дуадақ,
Бес безгелдек,
Бір тоты құс.


Жалғаннан алтын басты киік бақтым,
Мойнына он сегіз мың арқан тақтым.
Бес қадақ, тоғыз шерік іліп қойып,
Отыздан аяғына шеге қақтым.


Бір таудың етегінде отыз дарақ,
Тұрады барлық адам соған қарап.
Күніне ол бес рет мәуелейді,
Айтайын қайсы бірін сізге санап.


Бір үйде отыз кітап,
Бес қалам,
Кім оларды күтсе,
Алладан мархамат көреді.


Аяқ сайын бес батпаннан жүгі бар,
Отыз түрлі шоқысы,
Әр түрліден құбылар.


Бір түп әңгелекте он екі әңгелек болады,
Он екі әңгелектің біреуін тапқан адамға сауап болады.


Үш жүз алпыс бес шығыршық,
Қырық сегіз тығыншық,
Аққу жылына екі рет балалайды.


Қолымда бес алмам бар,
Бес саусақтың саласындай.
Оның үшеуі күнді көріп, күнге піскен,
Екеуі көлеңкенің саясында.


Қолымда бес сақинам бар шығармай,
Оны тапқан жігітке мен тиемін мал шығармай.


Бір сарай ішінде көп ағаш,
Бұтағы жиырма төрт, басы құрдас.
Құдайдан бір нұр келді бөліп ал деп,
Бөледі қалайынша ақыл сынас.
Ішінен бес бұтағы шықты басқа,
Сөз айтты ақылменен қарындасқа.
Екеуі күндіз алды нұрдан бөлеп,
Үш бұтақ алды қылып басқа.
Бес бұтақ ортасынан бөліп алды,
Он тоғыз бұтағы мақрұм қалды.
Шығарды Даужан Сұлтан Темірұлы,
Тәубәға көп құрбылар зейін салды.
Қыдыр етсең сол нұрды ықыласыңмен,
Құдайым берер дәулет шы


Бір үйде бір қыз көрдім екі есікте
Бір жігіт оған келіп кездесіпті.
Көтеріп қыз аяғын “Cұқыба” айтып,
Екеуі бір кәлиме сөйлесіпті.
Келер жігіт жалғыз келіп еді,
Қайтарда ашты екеуі бір есікті.


Бір құстың зияны бар адамзатқа,
Шығады мезгілімен әр уақытта.
Еш адам онан қашып құтылмайды,
Құдая, сол құсыңнан өзің сақта!


Ішінде мың қасқырдың бір жолбарыс,
Қасымнан айқайласам кетпейді алыс.
Қасқырды қашар деген бар үмітім,
Жолбарыс шаппай кетпес көптен таныс.


Қолымда сақинам бар ал шығармай,
Екі қасқыр мал жейді қан шығармай.


Базардан алып келдім ақ сандық,
Ішінде не бар екен деп біз таң қалдық,
Қшін ашып қарасақ: бір торғай, бір қырғи, бір жылан,бір жас бала,
Төртеуі не ғып отыр біз таң қалдық.


Бұрынғы уақытта бір хан болған,
Лашын, сұңқар, қаршыға, бүркіт салған.
Оның төртеуі де қарап болып,
Күйкентай отыз үш мыңға барған.


Дүниеде бір жан бар мұздан тайғақ,
Өтеді қой мен ешкі одан айдап.
Ебі келсе түйе мен сиырда өтер,
Бұл сөзге “хадис” пенен “аят” айғақ.


Бір таудан отыз екі бұлақ аққан,
Қасында он жеті патшасы бар ақыл тапқан,
Болғанда он екі уәзірі бар, үш шабарман,
Бұларды құрастырған жалғыз хақтан.


Бауырынан түйе тасың ат жалмайды.
Құдайдан шын тілесең не бермейді.
Бар екен бауырында бес балапан ,
Үшеуі күн көрмейді , екеуі түн көрмейді.


Қырық сегіз оқ, садақ бар тал белімде,
Шешенің мені жеңер бар ма еліңде,
Бес бақан, отыз оқ жұмбағым бар,
Таба ғой шешен жігіт қапелімде.


Төрт жүз ат айдадым санамай,
Қырық ат айдадым байламай.


Бар екен бір ғажайып тіпті өлмеген,
Адамға мына жүрген көрінбеген .
Жұмбақ тұр тіпті қиын таң қалғандай,
Бар ма екен үлкен кісі бұны білген.


Бар екен бір қақпалы үлкен шаһар, Өзінің қырық сегіз көшесі бар. Мұқтажың көңілге алған табылады, Не керек қандай қажет жұмысың бар?


Құдай берген ақ атан, Салсам - жүк көтерер, Жүрсе - ізді, Панасы - қызды.


Айнала ақ терек, Бұтақсыз, жапырақсыз.


Жүз он төрт балапан бар бір ұяда, Сөздері балдан тәтті бек зияда. Жүз он төрт балапанда бес мың тіл бар, Білмейді қайбір надан қапияда.


Мекеде бір дария бар беті қатқан, Бетіне бетегесі шығып жатқан.


Диірмен-диірмен тасы бар, Алтын күрек қасы бар. Оны тапқан адамның Бір жүз жиырма бес жасы бар.


Қат, қат, қат кигіз, Қатауыл тұрған қай кигіз? Бүк, бүк, бүк кигіз, Бүктеулі тұрған қай киіз?




Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь