Жұмбақтар: Діни


Бір таудан отыз екі бұлақ аққан, Қасында он жеті патшасы бар ақыл тапқан, Болғанда он екі уәзірі бар, үш шабарман, Бұларды құрастырған жалғыз хақтан.



Қырық сегіз оқ, садақ бар тал белімде, Шешенің мені жеңер бар ма еліңде, Бес бақан, отыз оқ жұмбағым бар, Таба ғой шешен жігіт қапелімде.



Төрт жүз ат айдадым санамай, Қырық ат айдадым байламай.



Бар екен бір ғажайып тіпті өлмеген, Адамға мына жүрген көрінбеген . Жұмбақ тұр тіпті қиын таң қалғандай, Бар ма екен үлкен кісі бұны білген.



Пәндер