Жұмбақтар: Діни


Ұйықтап жатып түс көрсем,
Ойымда әрне бар екен?
Көкке шығып қарасам,
Дүние жүзі тар екен.
Сахыбат етіп байқасам,
Мінгенім сонда шар екен.
Кіріп жүрген жөнімде
Жалғыз қарбыз бар екен.
Төрт қабығы көгілдір,
Бес қабығы сары екен.
Ақылы жеткен пендеге
Іші бір толған дән екен.
Тоғызы үлкен бәрінен,
Біреуі шаққан ақ екен.



Құдай берген ақ атан,
Салсам - жүк көтерер,
Жүрсе - ізді,
Панасы - қызды.



Айнала ақ терек,
Бұтақсыз, жапырақсыз.



Біреу екеу болмайды,
Екеу үшеу болмайды,
Үшеу төртеу болмайды,
Төртеу бесеу болмайды,
Бесеу алтау болмайды.



Шығасың, шығасың - шыға алмайсың,
Қарайсың, қарайсың - көре алмайсың.
Не сұрасаң - баршаға береді.



Ақ арқанға байлаулы ақбоз ат,
Ат пысқырса - жоқ қылады,
Арқан үзілсе - шоқ қылады.



Бір жанды бұл уақытта неғылып жүр?
Боларын қияметтің сағынып тұр.
Құдайдың құдіретін дұрыс деме,
Үстіне он төрт көрпе жамылып тұр.



Басы жоқ, жаны жоқ,
От оттатып, су ішкен.



Жиылған туған айға бір топ жұлдыз,
Жиылар түнде тарқап, аман күндіз.
Қажеті ақыреттің табылады ол айға,
Қанша мақұлық келсе де жүз.



Біссімілдә да біссімілдә,
Біссімілдәсіз бастаған,
Ол біссімілдәні білмеген,
Дозақ отына тасталған.



Пәндер