Жұмбақтар: Құрманбай Толыбаев


Арқырап бұлағы,
Гүрілдеп тұрады.
Сырты – жаз, іші – қыс,
Кеппейді қырауы.



Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі.



Соңыңнан қалмайды,
Тоқтасаң, тоқтайды.
Үйге іздеп бармайды,
Тығылсаң таппайды.



Алдым да әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.



Жанған отты кештегі
Үрлесем де өшпеді.



Топырақ жемей жата алмайды,
Тас шайнап та қақалмайды.



Жер астына түседі,
Сап-сары боп піседі.



Жайқалады өріліп шашы жасыл,
Топыраққа көміліп басы жатыр.



Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.



Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал.



Пәндер