Жұмбақтар: Құрманбай Толыбаев


Қолымнан әңгелегім түсіп кетті,
Шарықтап, аспанға өрлеп ұшып кетті.



Тастамайды басынан ақ қалпағын
Жауын сүртіп тұрады батқан шаңын.



Таң қаласың өзің де,
Теңіз де емес, көл де емес.
Толқып жатқан кезінде
Теңізіңнен кем де емес.



Ойнамақ боп еркелеп,
Әдейілеп ерте кеп,
Гүлге қонды қалықтап,
Кіп-кішкентай вертолет.



Қар дейін десем,
Қап-қатты.
Тас дейін десем,
Тәп-тәтті.



Қумайды ол көбелек,
Тауды шарлап, жебелеп,
Аралайды орманды
Ұста құсап керемет.
Күні бойы тынбайды,
Әр ағашты шегелеп.



Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым.



Пәндер