Жұмбақтар: Серікбай Оспанов


Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.



Күші десең, күші бар.
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.



Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.



Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.



Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.



Жатпаса да ісі өніп,
Жаңғыртып көл, қопаны,
Кіл, әйтеуір, күшеніп,
Жүк көтеріп жатады.



Ештеңе жоқ арқасында,
Баласы бар қалтасында.



Бірде жарты,
Бірде бүтін.



Мен шегінсем, шегініп,
Мен керілсем, керіліп,
Кетпей қойды жыраққа,
Сөйлемейді бірақ та!



Жалғыз ғана иық,
Тұрады киім киіп.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz