Жұмбақтар: Серікбай Оспанов


Ақсақалды атаны-ай,
Мінезінің шатағы-ай!



Қатар тұрып екеуі,
Бірін-бірі көрмейді,
Көр десең де, көрмейді.



Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Атылады, оғы жоқ.



Бір арқан бар алыстарға бастаған,
Жерді онымен байлап-матап тастаған.



Жапырақта ақ моншақ көп болады,
Қолыңа алсаң, лезде жоқ болады.



Сексен бес тілі бар,
Әр тілдің
Өзіне тән үні бар.



Жүз төрт қойды бір қораға қамаған,
Есепшілер соны күнде санаған.



Жалпақ, қара – бар сәні,
Өзі күйші,
Әнші әрі.
Айналғанда жатып ап,
Таң қалдырар баршаны.



Пәндер