Жұмбақтар: Табиғат туралы


Мұхиттардың ортасында Аппақ тау бар, түк өспейдi Жер шарының картасында, Оған еш шың теңеспейдi.



Мұхитта дәу бiр – Қалқып тау тұр.



Жиегiне шатырдың Судан шеге қатырдым.



Айтқаныңды айнытпай, Қайталайды өзiңе Тiл қатқанмен қаймықпай, Көрiнбейдi көзiңе.



Дауысыңды қайталап жырақта, Айнытпай жеткiзер құлаққа.



Сұрғылт түтiн, Бүркесе маңайды, Адастырар талайды.



Аспан түйдi қабағын, Сұр пердесiн кердi де, Жапты жердiң танабын.



Алдымда тұрды ақ түбiт, Бiрақ ұстай алмадым, Жүгiрiп барып аптығып.



Қызыл құмда көл жатыр, Шымылдықтай шайқалып. Бұдан аумас ол тақыр, Көлбейдi тек жайқалып, Ұстай алмас қол батыр, Желмен кетер найәалып.



Көктемде Дүр сiлкiндi өзен ағынды. Деп-демде Шытынап шынысы Төменге ағылды.



Пәндер