Жұмбақтар: Табиғат туралы


Күннiң көзi түйiлдi, Көкте бұлт үйiрiлдi. Сұйық моншақ шашылып, Жерге нәр боп құйылды.



Қия шыңнан құлайды, Тасты бұзып арыны. Ақ жалданып тулайды, Құлақ жарар сарыны.



Сынаптай жылтырап, Биiктен сырғиды, Ән салып былдырап, Iздейдi ылдиды.



Бiрде былдыр-былдыр, Сәбилердiң тiлiндей, Бiрде сыңғыр-сыңғыр, Қоңыраудың үнiндей, Ән сап жатқан ерiнбей, Бұл не?



Шөптi жапырып, Құмды сапырып, Қоқысты үйiрiп, Әкеткен не шүйiрiп?



Жердi тырнап, Бұтаны ырғап. Шөптi сипап, Ұшады зырлап, Жанын қинап, Ұлиды зарлап.



Бiр дүлей күш – қас пейiлдi. Итередi кеудеңнен. Алысайын десең, Қолға түк те iлiктейдi.



Көрiнбейдi өзi, Терезенi ұрады. Айтатын жоқ сөзi, Ысқырып тұрады, Болмаса да аяқ-көзi, Серуен де құрады. Бұл не?



Шөмiшi жоқ, Теңiздi сапырады. Кебiсi жоқ, Егiндi жапырады.



Қурап тұрған кеңiстiк, Күн күйдiрер маңдайды. Аптабы бар ең ыстық, Кебiрсiтер таңдайды.



Пәндер