Жұмбақтар: Кәсіп


Кең байтақ туған жеріме, Кетпесін деп жат із өтіп. Тыныштық тілеп еліме. Отанды кім тұр күзетіп?



Арқан байлап беліне, Шымырлықпен бекіне. Өрмелейтін қай өрен, Шыңның шырқау шегіне?



Шың басына өрмелеп, Күнге ұмтылар дөңгелек.



Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі?



Төл өсіріп момақан, Уыз ішкен қоймалжың, Білсең айтшы, балақан, Еңбегі зейнет қай малшы?



Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.



Ортасында сан халық, Белдескенде жан салып. Жерге тимей жотасы, Атанған күш атасы, Айбаттыны кім дейді, Қайраттыны кім дейді?



Көкке ұшқан шарықтап, Шаңырақтың бауынан, Ұстап дәйім қалықтап.



Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім?



Тұлғалы кең иығы, Мұнара оның тұрағы. Маң далада бұйығы, Сөнбей жанса шырағы, Жер астының сұйығы Фонтан болып шығады.



Пәндер