Жұмбақтар: Кәсіп


Ол жетсе ауылға, Самсар жұлдыз торабы, Нұр шашып тұрады.



Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді?



Топырақтың құнарын, Дәл тауып құрамын, Қай жерде қай дақыл, Өнім берер бай дақыл, Зерттеп дәйім жүретін, Кім бәрін білетін?



Көрінбейді өзі, Естіледі сөзі.



Жалтылдап қалағы, Салатын кім қаланы?



Қараңғыны қақ жарып, Жүрген кім шам жағып?



Бал татыған мәзір, Ол бар жерде әзір.



Өскен шашты жаратпайтын, Қайшысы бар жалақтайтын.



Рояльда ойнайды, Бірақ та ән салмайды.



Құрып қойып өрмегін, Ұршықтарын ойнатып. Сәнді мата өрнегін, Жасайтын кім жайнатып?



Пәндер