Жұмбақтар: Ойын-сауық





Қария үсті тақтай, асты тақтай, Үйрегі жиырма төрт қонған баққа-ай. Ұшқанда бір-біріне қарсыласып, Соқтықпай ұшады екен қанат қақпай.


Бір кеме айналасы бітеу қақпа, Жүргізген капитаны алтын тақта, Уәзірі он екіден жиырма төрт, Отыз екі көлде екен әр уақытта.


Бір нәрсе төрт бұрышты, түсі шұбар, Екі адам екі жақтан аңдып тұрар, Екеуі он екіден әскер алып, Жерінде ұшан майдан ұрыс салар.


Алты пар, он екі қозы, Жүрмейді рұхсатсыз оның өзі, Осыған екі қасқыр кеп таласып, Ақылмен жеңіп алар жетсе кезі.


Ғажайып жамбыл көрдім төрт бұрышты, Жиылып патша, солдат көп ұрысты. Қолында қару-жарақ сайманы жоқ, Ары-бері ұрысты да жай болысты.


Таусыз жерде, Сусыз шөлде, Жансыз жаунгерлер, Қарусыз соғысады.


Өз еркі ұшсын-қонсын мекеніне, Алты ұра үйректерге тұр лайық. Бүйірден бидайық кеп тиген кезде, Табуы ұяны үйрек болар ғайып.


Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек, Оларға үйір болған адам тентек. Сегіздің ортасында төрт әйел бар, Жүреді жиырма төрт тай жетектеп.


Бір патша бар екен төрт көзі бар, Атылас, шайы киген төрт қызы бар, Қисабы бәрі өзінің отыз алты, Сегіз ұлы бар жау жарақты.


Жайлаған бір аралда бір топ киік, Жүрерге аяғы жоқ жерге тиіп, Бәрінің қатар жүрсе бойы бірдей, Біреуінен біреуінің көңілі биік. Еш адам ол киікті жаратпайды, Ішінде жалғыз мүйіз еркегі бар, Бетіне еш біреуді қаратпайды.


Екі жүз он алты екен қара солдат, Төсектен отыз алты өреді аңдап, Балталы батыр бағлан қойған атын. Олардан басым шыққан сегіз қатын, Қолына дүние түрлі гүлдерді ұстап, Түзетіп отырады екен салтанатын. Бар екен сегізінің сегіз байы, Төрт текше болады екен оның жайы Қорқытқан ол сегізі төрт батыры Олардың батырлықтан жоқты жайы Бұл сөзім емеурінсіз емес жалған, Әр жерде болмай ма екен осындайы.


Дүниеде бір нәрсе бар төрт бұрышты, Топ кісі жиылып-ап келді, тұрысты. Әр қайсысының төрт жүзден әскері бар, Жиылды барлығы, қатты ұрысты.


Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек, Келгенде аларманға адам тентек. Ішінде сол қосынның төрт әйел бар, Жүреді елу екі қол жетелеп. Және де екі патша басында отыр, Үкімі сол шіркіннің тым-ақ тентек.


Екі атасы бар, Он сегіз анасы бар. Он сегіз анасының әр қайсысында Тоғыз-тоғыздан баласы бар.


Орай бұты, бөкен сырты, Қші бар, ішегі жоқ.


Нәзік белі бұралған, Ұшы біздей қадалған. Қар үстінде жорғалап, Басқан ізін бояған.


Өзі кішкене дөп-дөңгелек, Тапшы, қане біле алсаң. Өзіңнен де биікке асады, Мықтап жерге ұра алсаң.


Ұрсаң қатты зырлайды, Жерге қарғып тұрмайды. Тиіп кетсе басыңа, Еш бір зиян қылмайды.


Қос аяқ жүрген қуып, Жел шықтан үрген қуық, Бірде жөн, бірде лағып, Қашады зыр-зыр қағып.


Жазда жатса тынысып, Дейді қыста жұмыс тап, Тауға шықсаң - жетекте, Қашады алып етекке.


Ақ шатыр, Ақ шатырдың ішінде Ақ ала көйлек қыз жатыр


Біздің үйде бір қыз бар, Көзі бар, көрмейді, Аузы бар, жемейді, Қолы бар, ұстамайды, Аяғы бар, жүрмейді.


Қыстай жегіп қос атты, Көктем шыға босаттым.


Шіркіннің өзіне обал-ақ, Жүреді аяқта домалап.


Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді. Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.




Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь