Жұмбақтар: Ойын-сауық


Екі жүз он алты екен қара солдат, Төсектен отыз алты өреді аңдап, Балталы батыр бағлан қойған атын. Олардан басым шыққан сегіз қатын, Қолына дүние түрлі гүлдерді ұстап, Түзетіп отырады екен салтанатын. Бар екен сегізінің сегіз байы, Төрт текше болады екен оның жайы Қорқытқан ол сегізі төрт батыры Олардың батырлықтан жоқты жайы Бұл сөзім емеурінсіз емес жалған, Әр жерде болмай ма екен осындайы.



Дүниеде бір нәрсе бар төрт бұрышты, Топ кісі жиылып-ап келді, тұрысты. Әр қайсысының төрт жүзден әскері бар, Жиылды барлығы, қатты ұрысты.



Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек, Келгенде аларманға адам тентек. Ішінде сол қосынның төрт әйел бар, Жүреді елу екі қол жетелеп. Және де екі патша басында отыр, Үкімі сол шіркіннің тым-ақ тентек.



Екі атасы бар, Он сегіз анасы бар. Он сегіз анасының әр қайсысында Тоғыз-тоғыздан баласы бар.



Орай бұты, бөкен сырты, Қші бар, ішегі жоқ.



Нәзік белі бұралған, Ұшы біздей қадалған. Қар үстінде жорғалап, Басқан ізін бояған.



Өзі кішкене дөп-дөңгелек, Тапшы, қане біле алсаң. Өзіңнен де биікке асады, Мықтап жерге ұра алсаң.



Ұрсаң қатты зырлайды, Жерге қарғып тұрмайды. Тиіп кетсе басыңа, Еш бір зиян қылмайды.



Қос аяқ жүрген қуып, Жел шықтан үрген қуық, Бірде жөн, бірде лағып, Қашады зыр-зыр қағып.



Жазда жатса тынысып, Дейді қыста жұмыс тап, Тауға шықсаң - жетекте, Қашады алып етекке.



Пәндер