Жұмбақтар: Ойын-сауық


Қария үсті тақтай, асты тақтай, Үйрегі жиырма төрт қонған баққа-ай. Ұшқанда бір-біріне қарсыласып, Соқтықпай ұшады екен қанат қақпай.



Бір кеме айналасы бітеу қақпа, Жүргізген капитаны алтын тақта, Уәзірі он екіден жиырма төрт, Отыз екі көлде екен әр уақытта.



Бір нәрсе төрт бұрышты, түсі шұбар, Екі адам екі жақтан аңдып тұрар, Екеуі он екіден әскер алып, Жерінде ұшан майдан ұрыс салар.



Алты пар, он екі қозы, Жүрмейді рұхсатсыз оның өзі, Осыған екі қасқыр кеп таласып, Ақылмен жеңіп алар жетсе кезі.



Ғажайып жамбыл көрдім төрт бұрышты, Жиылып патша, солдат көп ұрысты. Қолында қару-жарақ сайманы жоқ, Ары-бері ұрысты да жай болысты.



Таусыз жерде, Сусыз шөлде, Жансыз жаунгерлер, Қарусыз соғысады.



Өз еркі ұшсын-қонсын мекеніне, Алты ұра үйректерге тұр лайық. Бүйірден бидайық кеп тиген кезде, Табуы ұяны үйрек болар ғайып.



Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек, Оларға үйір болған адам тентек. Сегіздің ортасында төрт әйел бар, Жүреді жиырма төрт тай жетектеп.



Бір патша бар екен төрт көзі бар, Атылас, шайы киген төрт қызы бар, Қисабы бәрі өзінің отыз алты, Сегіз ұлы бар жау жарақты.



Жайлаған бір аралда бір топ киік, Жүрерге аяғы жоқ жерге тиіп, Бәрінің қатар жүрсе бойы бірдей, Біреуінен біреуінің көңілі биік. Еш адам ол киікті жаратпайды, Ішінде жалғыз мүйіз еркегі бар, Бетіне еш біреуді қаратпайды.



Пәндер