Жұмбақтар: Жануарлар


Сумаңдаған тілі бар,
Бұраңдаған ізі бар.
Тіл ұшында уы бар,
Ол не?
Біліп ал!



Жол үстінде егіз өрім,
Қамшы жатыр сегіз өрім.



Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.



Ойлайсың,
Көрсең түйме деп,
Тұмсығын тығып қадалып,
Шағады бадалып,
Ақыры өлер тоқтықтан,
Жан берер оған соқтыққан.



Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ, алды-арты бірдей екен,
Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.



Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында.



Төбесiнде қу бұтақ,
Алар екен кiм бұтап.



Мүйiзiнен таралған,
Жанға шипа дәрi алған.



Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуiнiң ұқсастығы
Бередi тұрқы елес.



Тұрқы, түрi
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлi,
Түзде өскен жануар.



Пәндер