Жұмбақтар: Жануарлар


Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай.



Жез бейнелi өзi,
Кең дала еркесi,
Мөп-мөлдiр көзi.



Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды?



Түлкi ұқсас тұрқы,
Бiр тоймайтын құлқы,
Андитыны тастан,
Құс пен тышқан.



Тiк жардай түстi,
Шұбатылған
Тұмсығы күштi.
Таситын жүктi,
Бұл қандай мықты?



Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.



Түрi жылқы бейнесi,
Жолақ-жолақ жейдесi.



Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейiп кеп тұрады.



Мойыны сорайған,
Сирағы серейген.
Теңбiл шұбар терiсi,
Шөлдегi аңның iрiсi.
Жонында жалы бар,
Бұл қандай жануар?



Иiр мүйiз,
Сүйiр мүйiз,
Ай қабақты,
Май бұғақты,
Тұла бойы
Бұқа мойын,
Бұл қандай түлiк,
Сен де оны ал бiлiп?



Пәндер