Жұмбақтар: Жәндіктер


Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс.



Бар еді бір жұмбағым жүрген сайда,
Қолында қылышы жоқ, екі найза.
Қарынды екі найза болғанменен
Қылыш пен ай балтадай болмақ қайда.



Бір мақұлық айдалада қорған салған,
Азапты ажалдымен соған барған.
Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген,
Бұрынғы азамат ер содан қалған.



Қарайып ұшты қарғадай,
Бармаған жері қалмады-ай.
Жерге түсті, ін қазды,
Аяғымен тырмалай.



Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.



Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?



Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.



Алдымен де, артымен де жүреді,
Еңбекшілін елдің бәрі біледі.



Инесі жоқ, жібі жоқ,
Өрмегі жоқ, тіні жоқ.
Бірақ шілтер тоқиды.



Ұшады,
Қонады,
Гүлдердің қонағы.
Қысыңда көрінбей,
Жазыңда болады.
Түр-түсі сары ала,
Не нәрсе? –



Пәндер