Жұмбақтар: Жәндіктер


Бар екен бір мақұлық ұннан майда, Өз басын айдайды екен қиын жайға, Ұстасақ үгітіліп жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір жайға.



Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл бақшам гүлге толады.



Шидім, шидім, шидім құс, Ши басына қонған құс. Қарқаралы қара құс, Хан басына қонған құс.



Өзім үшін сені ұрам, Сен үшін өзімді ұрам, Сен үшін өзімді ұрсам- Ағады менің қаным, Жарылады сенің қарның.



Бір құс бар ұшып жүріп ән салады, Әркімге қонақ болып бір барады. Барлығы мақұлықтың ығыр болып, Дауысын естігендер зар қағады.



Ат басты, Арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, Бөкен санды, Қос қанатты, Құмырсқа ізді, Бота тірсекті.



Бар еді бір жұмбағым жүрген сайда, Қолында қылышы жоқ, екі найза. Қарынды екі найза болғанменен Қылыш пен ай балтадай болмақ қайда.



Біз жаздық аулым қонған текшесіне, Етіктің жез қақтырдым өкшесіне. Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар, Бөренесін байлаған бөксесіне.



Ана таудың басында ұйыған қатық, Ол қатықты көрмейді дәмін тартып, Дәмін татқан қалады сеспей қатып.



Бір мақұлық айдалада қорған салған, Азапты ажалдымен соған барған. Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген, Бұрынғы азамат ер содан қалған.



Пәндер