Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп.



Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші,
Парақтасам байқалар,
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.



Иір-иір құбыр,
Әрлесең Бұлбұл.



Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.



Кең алаң — тақырдан,
Шиырлап қайтады,
Ақ қант қатырған.



Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де.



Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.



Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?



Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені.



Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны.



Пәндер