Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегіс,
Құмдары да теп-тегіс,
Кең жазықтан әр түсті,
Шығыс пенен батысты –
Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!



Былғанышты жақтырмайды,
Ол бар жерде дақ тұрмайды.
Бірақ тағы өз үстінен,
Таза бір жер таптырмайды.



Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші.
Парақтасам байқалар.
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.



Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамасың түгін де.



Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.



Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.



Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.



Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.



Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.



Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл?



Пәндер