Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама



Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.



Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.



Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.



Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.



Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?



Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап,
Сыры бар неше алуан тұрсаң тыңдап.
Жүрмейтін жері де жоқ әлемде оның
Қадірі мейлінше зор, ол неткен зат?
Ізінен іздегендер жол табады,
Олжаны аздап емес мол табады.



Тілі бар да үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен.



Қойған жерінде жатады,
Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.



Көлемі шағын, көп қыры ,
Қолдан қолға өтеді,
Өмірдің талай мол сыны
Ішіне сиып кетеді.



Пәндер