Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Бір сайдан жиырма тоғыз бұлақ ағар,
Адамдар ойы терең, билеп табар.
Құяды оннан асса көлге барып,
Аяғы көз жетпейтін дария болар.



Алыстан үйде отырып, алдым хабар,
Формалап әрбір жерді бояу жағар,
Айлықпен анда-санда барған деп,
Тоқтамастан тана тағар.



Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.



Бір мақұлық бар тілі жоқ,
Сөйлегенде міні жоқ.



Әкеміз Ормамбет хан, біз немере,
Ойласаң ойға түсер әрбір неме.
Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі,
Қолы жоқ, аяғы жоқ ол немене?



Келеді сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығы көп түспес қолдан.
Қызығын оқысаңыз тамашалап,
Қаласаң хабарласып барлық жайдан.



Үйіне мәңгі қайтпайтын,
Қонақтар түнде келеді.
Іздесе адам таппайтын,
Жаңалық айтып беретін.



Бір патша, екі уәзір бек байланды,
Әрқашан он батырды жауға алдайды.
Қүдыққа жіпсіз салып бір адамды,
Бесеуі шығаруға ондайланды.



Сенде бар, менде бар,
Адамда жоқ,
Жанда бар, ханда бар,
Ғаламда жоқ,
Тиде бар, сыйда бар,
Харамда жоқ,
Шамға бардым, үшеуін көрдім,
Мысырға бардым, біреуі де жоқ.
Жалғаннан біреу, екеу, үшеу,
Төртеуін бір жерден көрген адам да жоқ.



Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.



Пәндер