Жұмбақтар: От жағу, жарық қылу


Құйтымдай сандықтың,
Суырмасы толып тұр,
Қажеттi заты сан жұрттың.



Салып ем шыны сарайды,
Тiлiнен жарық тарайды.



Өңкешi кең,
Дәу аузымен жұтады.
Төбесi дөң,
Кiшi аузымен құртады.



Шудалары желпеңдеп,
Үйден шығып жатады,
Көкке өрлейдi көлбендеп,
Бұлт болып батады.



Үй үстiнен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе iшiнен,
Iз-тұз жоқ боп тынады.



Құрама темiр,
Қолқабысы көп –
Ғұлама темiр.



Қызық iшек
Дөңгелек сайда жатыр.
Ақ шәйнек,
Бұрқылдап қайнап жатыр.



Әуеде
Дәу қарынды үрдiм де,
Аузын байлап бүрдiм де,
Төмен қарай сүйредiм,
Ауада еркiн биледiм.



Құмды жиған –
Тұмсығы диван.



Басына қара таудың бітер қорған, Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман, Қасына төрт нөкерін ертіп алып, Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.



Пәндер