Жұмбақтар: От жағу, жарық қылу


Дыбыстасаң қарамас, Болса-дағы құлағы. От-жалынмен аралас, Тату-тәтті тұрады.



Бар екен арасанның үш төресі, Жайлауы бір апанның кенересі. Асты зерден болғанда, үсті балдан, Адамзаттың ойласақ неменесі!



Тап-тап, тап балшық, Тап-тап соққан сор балшық. Іші қызыл қиямет, Сырты сұлу әлемет.



Қызыл сиырды байлап салдым, Көк сиырды айдап салдым.



Жалт-жұлт етеді, Жалмай-жалмай жұтады.



Жаурағанды күлдірер, Аяғы жоқты жүргізер, Өз еркіне жіберсең, Дүниені бүлдірер.



Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр.



Бір қара өгізге екі теңдей-теңдей жүк арттым, Бір бала үстіне мінгізіп шылым тарттым.



Боп, боп, бопылдақ, Бопылдақ үсті үш тармақ. Үш тармақта соқыр шақ, Соқыр шақ үсті жез қармақ.



Қос белбеу, мауыт шекпен, қазан қалпақ, Нәрседей жылан сорған қарны жалпақ. Бір жерден қозғалмайды сабыр етіп, Қылмайды сабырсыздық етсе жалтақ.



Пәндер