Жұмбақтар: От жағу, жарық қылу


Іші қызыл әлеумет, Сырты қызыл керемет. Тыңдап тұрып дәл ұрсаң, Пайғамбарға сәлем ет.



Аузы қара, Түбі жара. Сулап салсаң, Шығады сары бала.



Арқаға міндім, хан болдым, Үйге келдім, құл болдым. Отқа жандым, күл болдым.



Ұзыннан ұзақ, Көкке тұзақ.



Шешесі мәсісін кигенше, Қызы Мәскеуге барып қалды.



Кішкентай ғана сандығым, Өмірге керек жабдығым. Сандығыммен бітірем, Керегімнің барлығын.



Бір қорада қамалған сансыз жануар, Әрқайсысының басында тұрған панар. Аңдаусызда сүйкеніп тиіп кетсе, Тыз етіп сол жануар от боп жанар.



Елу тентек тып-тыныш, Бір сарайда жатады. Тысқа шықса біреуі, Жарқ етіп от шашады.



Үйге кіріп ақ бала, Болып шықты қап-қара.



Жұмбағым жұты қара, Таба алмаған кісінің беті қара.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz