Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Әкемнiң тор тайы,
Май жалап, су iшсе,
Тоқтамай жортады.



Жер асты даңғылы,
Көлiгiнiң зулаған.
Естiледi саңқылы.



Қатар жатқан қос бiлек,
Үстiнен келер күш үдеп.



Төбесiнде кiндiгi,
Жалғанған желiге.
Қабырғада күндiгi,
Нұр шашқан төрiне.



Шымыр бiлек қайыспай,
Көтергенде ауыр жүк.
Тiк тұрады майыспай.



Бiрнеше тармақты,
Лақтырсаң қармақты.
Жүздiрмей тастайды,
Кеменi салмақты.



Үш көздi батыр,
Жолды андып жатыр.



Құс ұясы секiлдi,
Үйшiгi бар биiкте.
Өрiлген қос кекiлдi,
Тұрар мойын иiп те.



Қарасаң,
Жай зат сияқты күшi кем,
Бiрақ та,
Бұтiндi қақ бөледi тiсiмен.



Орнатылған шығырға,
Қанаты бiр талмайды.
Тұрғанымен тұғырда,
Жел соңынан қалмайды,
Айналады зырылдап,
Жанармайсыз бiрақта.
Күнi бойы шырылдап,
Ұша алмайды жыраққа.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz