Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Аяғы үшкiр,
Басы доғал.
Ұрсаң шөгедi,
Ұрмасаң обал.



Үшкiр қазық,
Дөңгелек қалпақты,
Бiрiктiрер бөлектi.



Басы – құрыш,
Сабы – шырыш.



Қалпақты шымырды,
Төбесiнен ұрады.
Түзетуге қыңырды,
Дәйiм дайын тұрады.



Алақандай жоным бар,
Үстiне сап соғыңдар,
Жалыннан ап шалқыған,
Сом темiрдi балқыған.



Айға ұқсас түрi бар,
Қатар өскен бiрi бар.



Көп-ақ тiсi,
Күнi бойы шөп жесе де
Шықпайды iшi.



Қылышты өткiр шайқадым,
Қырдың шашын жайпадым.



Басы – қылыш нұсқасы,
Сабында бар тұтқасы.



Сояудай әр тырнағы,
Шөптi жияр қырдағы.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz