Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Екi тас беттескен,
Жұтады бидайды.
Бiр дәнiн
Бiрақта,
Жеуге өзi қимайды.
Майдалап қайтадан,
Адамға сыйлайды.



Маржан тiсi ақсиып,
Ызылдап ән шырқады.
Көк тiреген қақшиып,
Қарағайды қырқады.



Ағаш көрсе қышынар,
Сояу-сояу тiсi бар.



Күшi бiлiнбес жүзiнен,
Қақ бөлiнер әйнегiң.
Сынып өткен iзiнен.



Мойны жар бермей,
Желкеден қыса бастайды,
Жөнге жүрместi,
Серендетiп жұлып тастайды.



Сабы бар жұмыр,
Ерiнi мықты.
Шегенi шымыр,
Суырып шықты.



Табанында тiлi
Жалап өткен жерiнiң
Болмайды мiнi.



Кедiр-бұдыр тақтайды,
Тегiстейдi тiлiмен,
Жеген асын татпайды,
Шығар желке түбiнен.



Болат түктi,
Көсеу мықты.
Тозаңдатып,
Темiрдi үктi.



Есiктегi құлыпқа,
Ұя жасау — өнерiм.
Шаңырақтан уыққа
Үңгiр қазып беремiн.



Пәндер