Жұмбақтар: Адам және оның дене мүшелері


Тамға таяқ сүйедім, Отыз жерден сыр-сырлап.



Үсті тақтай, Асты тақтай, Ортасында әбзел тақтай.



Ти, ти десем, тимейді, Тиме десем тиеді.



Үлкен ой, Үлкен ойдың ішінде Кіші ой, Кіші ойдың ішінде, Балуан би.



Білмеймін ерке ме екен, есер ме екен, Қалпынан артық бойлап өсер ме екен. Өсірме деп біреуге бұйырмасам, Таудағы тоғайымды кесер ме екен.



Бір тауға әрі қайың, Әрі тал өседі.



Майтөбеде ол сусыз, Өскен қамыс буынсыз.



Кішкене ғана тегене, Сырты толған балауса.



Беткейге қар жауды, Кетпеске айналды.



Қараша тауым қарлы болды, Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz