Жұмбақтар: Адам және оның дене мүшелері


Бес ат, Бесеуі де қасқа ат.



Бес адам бір есекке мінгесіп жүр, Мінгессе де талай жермен тілдесіп жүр.



Бар екен бәйтеректе екі аша, Болмайды бар шақасы оннан аса. Біреуі біреуінен икемдірек, Құдайдың құдіретіне қыл тамаша.



Он айда мен аламын он жаңа айды, Он жаңа айды алсам да ол таусылмайды.



Ереймен жерейменнен озбайды екен, Асы алтын, қасығы күміс болып, Өмірі бітіп мүлде тозбайды екен.



Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес, Қай жақтан келерін де адам білмес. Азаттыға сонымен дүниенің, Онсыз тірі ешкім де дәурен сүрмес.



Еккенім бір танапқа жалғыз бидай, Аққурай қанасына кетті сыймай. Біреудің аманатын алсаң-дағы, Тұрасың береріңде көзің қимай.



Балдан тәтті, Удан ащы, Тәрбиесіз, ата-анасыз.



Балдан тәтті, Мақтадан жұмсақ, Базарға апарып сатсаң, Бір тиындық бағасы да жоқ.



Базарда сатылмайды, Таразыда тартылмайды. Өзі балдан да тәтті, Өмірге бір шапағатты.



Пәндер