Жұмбақтар: Адам және оның дене мүшелері


Суға салсаң - батпайды, Отқа салсаң - жанбайды, Жерге көмсең - шірімейді.



Өлсең де-өлмейді, Өлмесең де-өлмейді.



Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді, Күніне мың шақырым жерге барып келеді.



Бір нәрсе кейде сопы,кейде залым, Сиқырлар бір сағатта жанның бәрін. Бір уақыт патша болып отырады, Тар жерде әркімнің де ойлар қамын.



Сары ат міндім, саз кештім, Сарқыты маған тимеді Қара мақпал тон піштім, Қиқымы маған тимеді.



Бір минутта дүнияны аралайды, Сонда да шаршамайды.



Бір адам көрдім, Жүрмей тұрған жабысып. Түсін танып тұрсаң да, Жауап айтпас танысып.



Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, Байлауынан бір босамас қызық ат.



Ти десем тимейді, тиме десем тиеді.



Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz