Жұмбақтар: Уақыт


Баяғыда болыпты екі патша, Бірі қуып бара жатса, бірі қашса, Артында он екіден баласы бар, Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса.



Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс, Мұнша үйректі санап алу елдің салты. Күніне бір үйрегім жоғалады, Айтшы сен сол үйректі кім алады?



Бір нәрсе дөңгелейді шыр айналып, Келеді бір жеріне қайта айналып, Қызықты мұндай нәрсе бола ма екен, Отырар оны көрсе ер жайланып.



Желсіз, сусыз айналған бір диірмен, Шыққан күннен айналып бірдей жүрген. Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар, Ақылың жетік данасың ойлап білген.



Мен көрдім күн шығыстан бір диірмен, Түс болса тұрады екен оң бүйірден. Қшінде қылдан нәзік бір жібі бар, Ол жіпті қолы епті, кім иірген.



Өзінен өзі айналған бір диірмен, Көрінеді әр парасы бір бүйірден. Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар, Қолы епті екен, шіркін-ай, кім иірген?



Денесі бар, сөзі жоқ, Аяғы жоқ жүреді. Күнді, түнді өлшейді, Екі тілді жүрегі Шешуін кім біледі?



Сырт-сырт етіп соғады, Кеудесінде жүрегі, Өзі тілсіз сөйлейді, Өзі жансыз жүреді.



Жүруден бір талмайтын, Күн мен түннен қалмайтын.



Жаңылмайды есептен, Аяғы жоқ жүреді. Сөйлейтұғын тілі жоқ, Уақытыңды біледі. Күндіз-түні жүргенмен, Қызымайды жүрегі, Су ішіп, жем жемейді, Сықырлайды жүрегі.



Пәндер