Жұмбақтар: Уақыт


Жаңылмайды есептен,

Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлей тұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.



Дөңгелек аяғымен жер баспайды,

Жерінен уағдалы адаспайды.
Білімді қанша адам болса-дағы,
Бір адам біліміне таласпайды.



Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,

Барды да отыз көлдің суын ішті.
Көрді де сол үйректі он екі арқар,
Үш жүз алпыс қозыға болды ішті.



Айнала қорған салдым,

Ішіне жеті бөлме үй салдым.
Жеті үйдің ішіне бір әйнек,
Бір шырақ қойдым.



Он екі үйрек, бір сұңқар,

Жағалап ұшып сымпылдап.
Отыз қызғыш төрт құзбен,
Айнала жүріп сұңқылдап.



Жер үстінде бір бәйтерек,

Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы қара, бір жағы ақ.



Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…



Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.



Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар



Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…



Пәндер