Жұмбақтар: Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар


Болғанда бір ауызға екі қақпақ , Еркінде адамзаттың ашып, жаппақ. Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат, Ішінде сол нәрсенің қойған сақтап.



Дүниеде бір қақпас бар құйған қыштай, Ішінде түрлі аң жатыр іші пыспай. Қапастан сол аңдарды шығарған соң, Отырар құрмет етіп ұстай-ұстай.



Жайсам - жамшыдай, Жисам - қамшыдай.



Түнде түйедей, Күндіз түймедей.



Жайса - көлдей, Жиса - жеңдей.



Жатса - қояндай, Тұрса - түйедей.



Керегенің басында Мақпал қоржын.



Аяғы жоқ , қолы жоқ , Көйлегі көк, қарны тоқ.



Кішкентай ғана мінтас, Алып ұрсам сынбас.



Табан-табан, табан-ай, Табаны жалпақ қоян-ай, Көлеңкесі күмістен, Күліп тұрған қоян-ай.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz