Жұмбақтар: Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар


Қарап тұрсаң өзіне, Сурет түсер көзіңе. Ол суретің ұқсайды, Дәл қазіргі кезіңе.



Басы жоқ, төрт аяқты, жансыз бір зат, Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат. Жүк артсаң әсте белі майыспайды, Құйрық-жалсыз бұл өзі не қылған зат.



Дөңгелек айналасы, үсті тегіс, Табылар тарапынан түрлі жеміс. Төртеуі ағайынды тату екен, Олардан аулақ жүрер ұрыс-керіс.



Бір нәрсе ет жемейді, су ішпейді, Үстінен оның, сірә, жан түспейді, Шаршамас, белі талмас, сондай мықты, Тұруға жалықпайды, беріспейді, Міні жоқ, бойы сұлу болғанменен, Таңырқап оны адам көріспейді. Мінезі сол нәрсенің сондай жуас, Бір-бірін бөтен малдай тебіспейді, Жұмысын салтаң мініп бітірмесе, Жегуге арба шана көніспейді,



Адам жоқ, салмақ салмаған, Орны жоқ, кезіп бармаған. Тізе бүкпей әлі тұр, Сонда да таяғы талмаған.



Бар екен бір асыл зат белін буған, Қаншама жиренбейді лас судан. Жаны жоқ, кеудесінде болса-дағы, Қалмайды көп жиылған ұлы дудан.



Өзі кірді ашады, Суға салсам қашады.



Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады.



Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты Дөңгелек екі басы ай сияқты. Төрт есік,мәткесі бар,уығы жоқ, Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ, Құс төсек мамық жастық, біреу жатыр, Көңілі уайымсыз жай сияқты.



Дауысы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп. Құлағын он бұра. Ол не?....



Пәндер