Жұмбақтар: Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар


Төрт бұрышты, Бір ауызды.



Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. © www.ZHARAR.com



Мен көрдім бір теңізден темір қайық , Әр пенде сол қайықты көруі лайық. Үстіне түндігі жоқ үйді тігіп, Кетеді риза болып барша халық.



Жалпақ бетті батыр, Белін буып жатыр.



Бес жерінен буынған, Еңбек десе жұмылған.



Бір итім қабаған, Аузына темір жамаған.



Бір нәрсе төрт аяқты, екі басты, Көтеріп адамзатты көңіл ашты, Бір адым жерге өзі бара алмайды, Аяғы болса-дағы қозғалмасты.



Көп жерде кездеспейді осы шұбар, Шұбарға мінген жанның бәрі құмар. Жүк артып мінсе-дағы қанша оны, Сонда да арықтамас ол жануар.



Болғанда беті гүлді, асты сырлы, Жинаған арасына жүн-жүбірді. Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ , Халінше адамзатқа пайда қылды.



Бір нәрсе өзі жансыз керіледі, Қампиып қарны торсық көрінеді. Қсі бар және о-дағы таңғажайып, Сабаса екі жақтап семіреді.



Пәндер