Жұмбақтар: Шаруашылық құралдары


Үй артында бүкір терек, Күресуге кісі керек.



Қу тізе қу ағашқа құндақтаймын, Аузымда сегіз тісім жылмақтаймын, Бірін мініп, біреуін қыстап алып, Үстінде анда-мында ырғақтаймын.



Бір қарыс қана бойы бар, Әр нәрсеге айналса, Аламын деген ойы бар. Тізіліп тұрған тісі бар, Бір ағаш бар мұртында, Тістің бәрі сыртында.



Керегенің басында кетпен құйрық, Кесіп алса таусылмас кепкен құйрық.



Жалғыз тіс, екі қолы, қос құлағы, Бар екен барлығының ынтымағы, Иесі ашуланып айдаса оны, Бұрқырап бөтен жерден жол салады.



Бар екен бір айдаһар аузын ашқан, Көргенде адам пенде заһар шашқан. Кетеді ашуланса таудай болып, Қайнатып қара тасты ашу басқан.



Ұзын-ұзын қос таяқ, Өрмелейміз ұстап ап, Келте-келте көп таяқ.



Аждаһа дию көрдім аузын ашқан, Келгенде жем жерінде қарсыласқан, Мінеді ағаш атқа темір қамшы, Көр қазір қатты жүрсе тозаң шашқан.



Елу аяқты, Екі шолда, Салады елу аяқпен жалғыз жолды.



Өзі тоқ, Көлеңкесі жоқ.



Пәндер