Жұмбақтар: Шаруашылық құралдары


Қара бием қалт етті, Қабырғасы жалт етті.



Алдын ойпар, Жанын жайпар.



Өзі бүкір, Бүтін қырды таусады, Қырдан қайтып, Үйде бір жыл жатады.



Басы жоқ, екі беті, тісі бар, Қақ бөлер бөренені күші бар.



Елу аяқты, Екі қолды. Салады елу аяқпен Жалғыз жолды.



Салбыратып салдым, Тамшылатып алдым.



Ашықса құлайды, Тойынса жылайды.



Қырық кез оқ, Қарағай садақ, Қырық дуадақ, Бір арықтан су ішеді.



Бір құс бар басы төмен бауы аспанда Көзінен жас ағады тау асқанда. Өзінің аңдып тұрған бір жауы бар, Кетеді іліп-алып жанасқанда.



Төрт мүйіз, бір құйрықты, Тындырады бұйрықты, Көктен бөрік киеді, Көктен таулар үйеді.



Пәндер