Жұмбақтар: Шаруашылық құралдары


Бір дәу жалғыз тұрып қарғылдайды, Қызметін екі жендет бар қылады. Ысқырып қызыл жалын шыға келсе, Келдекпен бір-ақ ұрып дал қылады.



Ойдым-ойдым, ойдым жер, Ойдым жердің шөбін жер. Жабағылы көк қойды, Жалбыратып қасқыр жер.



Ұзыны ұзын жатқан, Балалары түзу жатқан.



Отырған жері ой-шұңқыр, Басқан жері бай-шұңқыр. Алдымда қылқан, Артымда қылқан. `



Екі темір, бес ілгек, Ортасында селкілдек.



Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар, Темірден салбыраған иегі бар, Болғанда бірі қолда, бірі белде, Адамға әрқашанда керегі бар.



Балдыр-балдыр басынан алыпты, Тәңірберген тамағынан алыпты, Құдайберген құйрығынан алыпты, Ең мықтысы белінен алыпты.



Алдында екі аяғы, Артында бір аяғы.



Жәндікке барып жабысар, Асаумен де алысар. Бағыт сілтеп адамға Көмекші болып алысар.



Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ, Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ. Тамаша ұстағанын жібермейді, Әркімнен қуаты артып, көңліне тоқ.



Пәндер