Жұмбақтар: Ыдыс-аяқтар


Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен, Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен, Ішіне қарын-қарын суды құйып, Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.



Бір таудан бір таудың басы биік, Тұрады ортасына бәле жиып, Бәленің зардабына шыдай алмай, Жіберді бұтына сиіп-сиіп.



Көрінер анадайдан сары болып, Қайнайды от пен су сары болып, Өзінің ұстайтұғын құлағы бар, Және де ағызатын бұлағы бар.



Сары ағаштан сарайым, Ішінде жаққан қалайым, От пен су бір жерде Табылып тұр бір жерден әрдайым.



Ішпей-жемей тұрады суға тойып, Жар басынан кетеді құдық ойып.



Адамға қарайтұғын қабағы жоқ, От пенен судан басқа тамағы жоқ. Біраздан соң қарасаң аузын ашып, Ішіндегі қалады жабағы боп.



Бір нәрсе өзі жансыз,аяғы жоқ, Су менен шөптен басқа қорегі жоқ, Ішін ашып қарасаң бір мезгілде, Тұрады жеген жемі жабағы боп.



Мұрны ұзын,аузы көрдей қара кемпір, Төркіні Бұқар жақта,өзі жесір, Бір күні бұл қашып кетер-ау деп, Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.



От басында омпиған, Омырауы томпиған.



Тұтқасы бар ұстайтын, Алақандай жерге қыстайтын, Сағат болмай көшеді, Тиіп кетсең ұшады.



Пәндер