Жұмбақтар: Ыдыс-аяқтар


Асқа бармайды, Аспаздан қалмайды.



Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ, Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ, Ал өзі өмір бойы жер баспайды, Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ.



Аппақ, ұзын қозғалмай жатыр сулап, Сол нәрсе қолға түссе кетер турап.



Басына темір киген, қос құлағы Бар екен адамзатпен ынтымағы. Жүрмейді өздігінен сүйремесең, Мекені отыратын тамақ жағы.



Мен көрдім бір теңізден темір қайық, Әр пенде сол қайықты көрер лайық. Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп, Кетеді риза болып барша халық.



Бар екен бір асыл зат белін буған, Қаншама жиренбейді лас судан, Кеудесінде жаны жоқ болса-дағы Қалмайды көп жиналған ұлыдудан.



Аузы бар да тілі жоқ, Терісі бар да жүні жоқ.



Кесе, шыны, пиала – Оларсыз шай құяма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді?



Терi құдық қауғасын, Тарттым да, Қанып iштiм дәмдi асын.



Құлағы бар қалқиған, Аузы бар аңқиған. Шығып алып ерте-кеш, Төрт аяққа талтиған, Қыздырады жалынға Дәу қарынын қампиған.



Пәндер