Жұмбақтар: Ыдыс-аяқтар


Кішкене ұлым бар, Кірген-шыққан сүйеді.



Ымпиттым да жымпиттым, Жүнін алып сымпиттым.



Түнде буаз, күндіз қысыр, Күндіз буаз, түнде қысыр.



Айдаһар жылан көрдім екі басты, Бір басы бір басынан екі елі асты. Аузына қанша нәрсе түссе-дағы Аптығып өз-өзінен жұта алмасты.



Буынын басса, былқ етер, Тайып кетсе, шық етер.



Бір ағаштан үй тіктім, тиып-қиып, Ішіне неше мың жан кетер сыйып, Тек біріне ғана сен тиіп қалсаң, Баршасына кетеді бүлік тиіп.



Ана беттен бір ұрды, Мына беттен бір ұрды. Апам ұра берген соң Аппақ тозаң құйылды.



Тап-тап етеді, Астынан керуен өтеді.



Өзі - жаңа, Өзі - тесік.



Бір жансыз, өзі жаңа, дөп-дөңгелек, Жұтатын қисабы жоқ тамақ керек, Өзіне керек асын бере берсең, Қылады ірлі-уақты екі бөлек.



Пәндер