Жұмбақтар: Аспан әлемi


Жайғаным түктi кiлем,
Iлгенiм – тықыр кiлем.



Қос алып көз,
Бiрi – жарықта көредi,
Бiрi қараңғыда көредi.



Айдалада көк шатыр,
Көк шатырда
Қызыл көздi шал жатыр.



Әлемнiң бар екi күзетшiсi;
Бiрi – күндiз тынығады,
Бiрi – түнде тынығады.



Мекенi көкте екi ару,
Бiр-бiрiн көруге зәру.



Алауға оранып,
Көкке өрлеп шығады.
Бiр айналып оралып,
Көкжиекке бұғады.



Күн мен түннiң кеңдiгiн,
Жер шарының ендiгiн,
Қаә бөлiп тұр тепе-тең,
Жұмыр жердiң белдiгi.



Екi доп ауысты,
Бiр шеңбердi тауысты.



Жартысы
Жадыратып нұр себедi,
Қалғаны
Қара мақпал бүркенедi.



Тұрғанымен жырақ өзi,
Таусылмайтын шырақ көзi.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz