Жұмбақтар: Қадыр Мырзалиев


Дос үйіне түстің бе? –
Түгел соның үстінде.



Алдында бір нәрсе әкеп берсе, тегі,
Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.



Апам үшін қам жеген,
Тозаң жұтып, шаң жеген
Жатыр үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар?



Құйрығы інге кірсе,
Беті өртенген.
Ішегіне ішегі тисе,
Қатер төнген.



Қайнаған шілдеңіз де оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.



Кереңқұлақ өсіп тұр үстелімде.



Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді.



Жылға дер ем – ақпайды,
Жылан дер ем – шақпайды.



Ағаш арық, тұйық арық:
Жылқылар жүр жиі барып.



Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманымды отап кетті.



Пәндер